Садақ ату
Қазақстандық садақшылар Батумидегі турнирде 9 медаль жеңіп алды
Батумиде (Грузия) садақ атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті7
Алтын медальдарды Бунед Мирзаматов, Адель Жексенбинова (блокты садақтан ату), Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) жеңіп алды. Қазақстан командалық жарыстарда тұғырдың бірінші сатысына үш рет көтерілді (блокты садақ (микс), классикалық садақ (микс және ерлер командасы).
Классикалық садақтан атудан Санжар Мұсаев екінші болды. Сондай-ақ командалар арасындағы жарыстарда Қазақстан екі қола медальға ие болды: ерлер мен әйелдер командалары арасында.