Садақ ату

Елордада садақ атудан Grand Prix Astana турнирі басталды

Аталмыш додаға әлемнің 11 елінен спортшылар қатысуда.

Бүгін Астана қаласында «Grand Prix Astana» садақ атудан II халықаралық турнирдің ашылуы өтті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Іс-шарада Спортты дамыту дирекциясының директорының орынбасары Азамат Имашев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бүгін 11 мемлекеттің басын қосып, бәсекеде керемет өнер көрсетіп жатқан садақшылар мен меймандар елімізге қош келдіңіздер! Тарихи дәстүрдің жандануына бірден-бір септігін тигізіп жатқан садақ атудан «Grand Prix Astana» халықаралық турнирінің біздің өңірде өтіп жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Осы орайда барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! – деді Азамат Имашев.

Айта кетейік, аталмыш додаға әлемнің 11 елінен 150-ге жуық құралайды көзге атқан кіл мергендер қатысуда. Сондай-ақ жарыс 18 маусымға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button