Садақ ату

Садақ атудан Қазақстан командасы Қытайдың Шанхай қаласында басталатын Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады.

Бас бапкер Артем Кичкиннің ҚР ҰОК-ке берген сұхбатында спортшылар Түркияда жаттығу жиынын өткізгенін айтты. 

«10-20 сәуір аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиыны өтті. Мұнда Түркия құрамасымен бірге дайындалып, тәжірибе алмастық.

Бұл жиынның басты мақсаты – спортшылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Одан бөлек, олардың психологиясымен, физикалық, техникалық және тактикалық  әлеуетін арттыру жағынан жұмыс істеудеміз»,  –  дейді бас бапкер.

Шанхайдағы әлем кубогінде Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Классикалық садақ  ату:

Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Әлихан Мұстафин, Александр Еременко;

Әйелдер: Алина Ілиясова, Гаухар Игібаева, Диана Тұрсынбек, Алуа Мұхтарханова;

Блоктық садақ ату:

Ерлер: Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн, Бунед Мырзаметов;

Әйелдер: Адель Жексенбинова,  Виктория Лян, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button