Жеңіл атлетика

Елордада жеңіл атлетикадан жарыс өтеді

Астана қаласында қаңтар айында жеңіл атлетикадан «Astana meeting world indoor tour» өтеді.

Бұл жөнінде еліміздің жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Аталған жарыс жабық кешенде өткізілетін жеңіл атлетика турнирінің беделін көтеру мақсатында қолға алынған. Ол жеңіл атлетика жарыстарына арналған «Гауһар лига» үлгісінде өткізіледі. Бұл серия бұрынғы «IAAF Indoor Permit Meetings» сериясын ауыстырды.

Өткен жылдан бастап турнирде жарыстың алтын, күміс және қола деңгейі енгізілді. «Astana Meeting» турнирі жарыстың күміс мәртебесіне ие болып отыр.

Дүбірлі додаға әлемнің көптеген елдерінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар жеңіл атлетиканың 12 түрінен сынға түседі.

Жарыстың әрбір түрі бойынша жүлде қоры – 4000 АҚШ доллары.

Аталған жарыс отандық жеңіл атлетиканың беделін халықаралық деңгейге көтеруге ықпалын тигізеді. Ол спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.

Турнир Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 23 қаңтарда өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button