Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика. Азия чемпионатынан алты алтын бұйырды

Астанада алғаш рет жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медаль жеңіп алды. Жарыстың соңғы күнінде 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Давид Ефремовке тең келер ешкім болмады. Спортшы аталған қашықтықты 7.65 секундта кесіп өтті. Тайбэйлік Чем Куе Ру (7.68) екінші, жапониялық Шукей Ишикава (7.70) үшінші орынға ие болды.

Сондай-ақ 400 метрлік эстафеталық жарыста Қазақстан құрамасы үздік шықты. Ерлерден Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин 3:09.15 секунд нәтижесімен ел рекордын тіркеді.

Күміс жүлде Қатар командасына (3:09.26), қола Тәжікстан құрамасына бұйырды.

Әйелдер құрамасы да эстафетада (4+400 м) мәре сызығын бірінші болып қиды. Қазақстандық Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина алдына жан салған жоқ. Көрсеткіші – 3:44.21 секунд.

Одан бөлек, Элина Михина (400 метрге жүгіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Каролин Кипкируй (3000 метрге жүгіру) құрлық біріншілігінің жеңімпаздары болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button