Садақ ату

Щучинскіде садақ атудан Қазақстан спартакиадасы басталды

Бүгін Щучинск қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасы VI жазғы спартакиадасының ресми ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бəсекеде 9 өңірден келген 121 садақ атушы бақ сынайды. Олар классикалық және құралмалы садақ түрінен өнер көрсетеді.

«Жақсы» спорт базасындағы жарыс 11 маусымда аяқталады.

Фото: instagram.com/drs_kz/

Басқа жаңалықтар

Back to top button