Жеңіл атлетика

Әлем чемпионатына кімдер барады?

Наурыздың 18-20 аралығында Сербияның Белград қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өтеді.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сербия астанасындағы әлемдік жарысқа қатысатын екі спортшымыздың есімі белгілі. Олар – Надежда Дубовицкая мен Давид Ефремов. Федерация өкілдерінің айтуынша, әлем чемпионатында өнер көрсететін өзге де спортшылар халықаралық жарыс­тардағы нәтижелері бойынша іріктеліп алынады. Яғни, спортшыларымыз әлемдік қауымдастық бекіткен арнайы нормативті орындаулары тиіс. Бас бапкер Дмитрий Карповтың мәлімдеуінше, біздің қыз-жігіттердің алғашқы іріктеу жарысы Өскеменде өтетін О.Рыпакова атындағы халықаралық жарыс болмақ. Жалпы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі 7 наурызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button