Жеңіл атлетика
Жанна Мамажанова Франциядағы марафонда жеңіске жетті
Францияның Салон-де-Прованс қаласында 10 шақырымдық марафон аяқталып, қазақстандық Жанна Мамажанова жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Марафонда Мамажанова қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Ол аталған шақырымды 33 минут 56 секундта жүгіріп өткен.
Бұл Мамажанованың биылғы маусымдағы алғашқы жеңістерінің бірі.