Бокс

Үш қазақстандық боксшы «Странджа кубогы» турнирінің жартылай финалына шықты

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық «Странджа турнирі» өтіп жатыр.

Бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты.

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшын Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button