Хоккей

Хоккей: әлем чемпионатына баратын кеңейтілген құрам жарияланды

Біріншілікке қатысу үшін жасөспірімдеріміз Словакияға 4 сәуірде аттанады.

2022 жылдың 11-17 сәуірі аралығында Словакияның Пьештяни қаласында хоккейден жасөспірімдер арасында бірінші дивизионның А тобында әлем чемпионаты өтеді.

Бұл туралы ҚХФ сайтына сілтеме жасай отырып “Қазақ спорты” хабарлайды.

Кеңейтілген құрамға 28 хоккейші енген:

Қақпашылар: Владимир Никитин, Дармен Габдуллин, Артем Шестаков (барлығы – «Барыс»).

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Дмитрий Бреус, Владислав Зизевских, Никита Селезнев, Семен Роев, Аслан Жүсіпбеков (барлығы – «Барыс»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Игорь Пономарев («Қыран», Қарағанды).

Шабуылшылар: Роман Ермак, Алдияр Нурлан, Руслан Оспанов, Даниил Свинтальский, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Асанали Русланулы, Семен Симонов, Илья Шапоров, Әділ Бейсембаев, Темірлан Қитаров, Артур Гросс, Денис Леута, Александр Фокин, Владимир Корчагин, Матвей Яковенко (барлығы – «Барыс»), Даниил Якубджанов («Торпедо», Өскемен).

Бас бапкер: Сергей Старыгин

Турнирдің негізгі тізіміне 23 хоккейші енеді: 3 қақпашы мен 20 ойыншы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button