Хоккей

Даррен Диц Гагарин кубогында жеңісті голды соқты

Шешуші кезеңде екі қазақстандық бір-бірімен кездесті, деп хабарлайды Қазақ спорты.

Бұлай дейтініміз Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц мәскеулік ЦСКА сапында өнер көрсетсе, Кирилл Панюков Қазанның «Ак барс» клубының намысын қорғайды.

Екінші кезеңнің ортасына қарай ЦСКА қазандық жігіттерден 1:2 есебімен ұтылып жатқан, алайда алдымен Владислав Каменев таразы басын теңестірсе, көп ұзамай Даррен командасын алға шығарды. Нәтижесінде қазақстандық соққан гол ҚХЛ плей-офф финалының жетінші ойынында шешуші рөл атқарды.

Айта кетейік, бұл ­­– ЦСКА үшін лигадағы қатарынан екінші жеңіс. Өткен жылы Мәскеу ұжымы Магнитогорсктің «Металлургін» жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button