Хоккей

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтап жатыр

Құрамамыз оқу-жаттығу жиындарын бүгін, 17 сәуірде “Барыс-Аренада" бастады.

13-29 мамыр аралығында Финляндияда элиталық дивизионда хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы А тобында Дания, Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Италия және Франция командаларымен ойнайды.

Құрамамыз оқу-жаттығу жиындарын бүгін, 17 сәуірде “Барыс-Аренада» бастады.

3 мамырда біздің құрама кеңейтілген құрамда (28 ойыншы) Ригаға аттанады, онда әлемдік біріншілікке дайындықты жалғастырады.

8 және 9 мамырда Латвиямен бақылау кездесулері өтеді. 10 мамырда Ұлттық команда Хельсинкиге барады.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 14 мамыр күні Дания құрамасына қарсы өткізеді. Турнирге 25 хоккейші қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button