Хоккей

Хоккей: әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Қазақстан құрамасы 10 мамырда хоккейден әлем чемпионатының А тобындағы матчтар өтетін Хельсинки қаласына барды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Ригадағы бақылау ойындары кезінде Евгений Рымарев пен Иван Степаненко жарақат алып, Финляндияда айдынға шыға алмайтын болды. Осы өзгерістерді ескере отырып, жаттықтырушылар штабы алдағы біріншілікке қатысатын құрамды жариялады.

Қорытынды өтінімге 25 хоккейші – 3 қақпашы және 22 ойыншы енді:

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Орск қ.), Илья Румянцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы — «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист»), Даррен Диц( ЦСКА), Леонид Метальников («Адмирал»), Виктор Сведберг («Авангард»);

Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург»), Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сағадеев, Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Кертис Волк («Автомобилист»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де — «Сарыарқа»), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко («Авангард»).

Бас менеджер – Александр Корешков.

Жаттықтырушылар штабы:

Бас бапкер – Юрий Михайлис

Жаттықтырушы – Андрей Шаянов

Жаттықтырушы – Максим Семенов

Қақпашылардың жаттықтырушысы-Александр Шимин

Дене шынықтыру жаттықтырушысы — Владислав Занковец

Бейне-жаттықтырушы – Сергей Тамбулов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button