Хоккей

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасының матчтар кестесі жарияланды

Қысқы Универсиада 2023 жылғы 12-22 қаңтар аралығында Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтеді.

Қысқы Универсиададағы Қазақстан хоккей командасының матчтарының кестесі анықталды.

Хоккей турниріне қатысатын командалар екі топқа бөлінген, хоккейшілеріміз В тобында Венгрия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Словакия және АҚШ қарсыластарымен өнер көрсетеді.

Әр топта алғашқы екі орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін матч та қарастырылған.

Қазақстан құрамасының Универсиада-2023 топтық кезеңіндегі ойындарының кестесі:

2023 жыл 13 қаңтар – 00:00. Оңтүстік Корея – Қазақстан

2023 жыл 13 қаңтар – 20:30. Қазақстан – Венгрия

2023 жыл 16 қаңтар – 07:00. Қазақстан – Ұлыбритания

2023 жыл 17 қаңтар – 03:30. Қазақстан – Словакия

2023 жыл 18 қаңтар – 02:30. АҚШ – Қазақстан

Басқа жаңалықтар

Back to top button