Хоккей

Қазақстандық хоккейші «Барыс» клубына қайтып оралды

Шабуылшымен келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Қазақстандық хоккейші Дмитрий Шевченко Астананың «Барысына» қайта оралды.

Шабуылшымен келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Д.Шевченконың есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол төрт жыл бойы «Барыстың» намысын қорғады.

Биылғы маусымды хоккейші «Авангард» командасында бастады. Омбылық клубтың сапында Дмитрий ҚХЛ-да 17 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

«Барыста» Д.Шевченко 95-нөмірмен өнер көрсететін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button