Хоккей

Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасы Дания, Норвегия, Франция, Венгрия және Словения командаларымен элитаға шығу үшін таласады.

11-17 желтоқсан аралығында Аскер қаласында (Норвегия) ІА дивизионында хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Дания, Норвегия, Франция, Венгрия және Словения командаларымен элитаға шығу үшін таласады, деп хабарлайды Icehockey.kz.

Порталдың ақпараты бойынша, осы матчтарға команда құрамы белгілі болды. Жаттықтырушылар штабы алдағы біріншілікке нақты құрамды анықтады, өтінімге 23 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Антон Осокин «Торпедо», Артем Шестаков, Роман Шефер (екеуі де – «Снежные барсы»).

Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базько, Семен Роев, Климентий Царев (барлығы – «қар барыстары») Дмитрий Бреус («Шағала», МХЛ), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Аслан Жүсіпбеков («Барыс», ЖХЛ), Кирилл Никитин («Номад»).

Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Мұқанов (барлығы – «Снежные барсы»), Дінмұхамед Қайыржан («Барыс», ҚХЛ), Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Константин Морожников (барлығы – «Номад»), Руслан Оспанов («Анкоридж Вулверинс», АҚШ) Валентин Попов («Торпедо»).

Басқа жаңалықтар

Back to top button