Хоккей
Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында төрелік етеді
Қазақстандық төрешілер ертең Қырғызстанда басталатын төртінші дивизиондағы әлем чемпионатының матчтарына төрелік етеді.
Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасай отырып “Қазақ спорты” хабарлайды.
3-8 наурыз аралығында Бішкекте өтетін турнирге Кувейт, Малайзия, Сингапур, Иран және айдын иелері Қырғызстан құрамасы қатысады.
Кездесулерде Владимир Суслов бас төреші болады. Сонымен қатар жақтаудағы төрешілер міндетін Тимур Ысқақов пен Александр Ядрышников атқарады.
Осы чемпионат аясында Владимир Суслов пен Құрлықтық хоккей лигасының төрешісі Торнике Кучава азиялық төрешілер үшін семинар өткізеді.