Хоккей
Смоляков деген кім?
«Алматы» хоккей клубы өз қатарларына Максим Смоляков есімді хоккейшіні қосты. Бұл туралы «Shaiba.kz» ақпараттық порталы хабарлады.
Максим Смоляков деген кім? Ол осыдан алты жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2015-16 жылғы маусымда Өскеменнің «Алтай» командасында ойнап, Ресейдің Жоғарғы хоккей лигасында 14 матч өткізген. 1 шайбаның авторы атанған. Одан кейін бір рет нәтижелі пас берген. Сол жылы Смоляков командадан кетті. Содан бері өткен алты жыл ішінде хоккейші бірде бір клубта ойнамаған. Бақандай алты жыл бойы бос жүрген хоккейшіні Алматы сияқты алып қаланың командасы қалай қатарларына қосқаны түсініксіз.